Балабақшадағы арнайы түзету топ балаларымен логопед, дефектолог
Балабақшада Алматы қаласы Білім Басқармасының басшысы Г.Ходжабергенованың №167 бұйрығына байланысты 2019 жылдың май айынан бастап түзету топтары ашылды. Оның ішінде 3-4 жас, 4-5 жас, 5-6 жас балаларына арналған жалпы сөйлеу тілі дамымаған 3 топ, интеллекті бұзылған 4-5 жас балаларына арналған 1 топ ашылып өз жұмыстарын бастады. Осыған орай топтарға педагог-логопед, педагог-дефектолог, педагог-ассистент арнайы мамандары қабылданды.