
"Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін", "Жақсылық қылсаң жасыр, жақсылық көрсең асыр" деген дана халықтың ұрпағымыз. Берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі екенін де білеміз. Бірақ, біз басқаларға үлгі болсын деген ниетпен жасалған ізгі амалды жариялағанды жөн көрдік. Бүгін 08 мамырда Алматы қаласы, Алатау ауданы, 168 бөбекжай-балабақша ұжымы бірлікте қасиетті рамазан айында көмекке зәру жандарға қол үшін создық. Басымыздың амандығы, деніміздің саулығы, отбасымыздың берекесі мен бірлігі үшін қайырымды іс жасау әрбір азаматтың борышы деп санаймыз.