01
қыркүйек
2010
"№168 бөбекжай-балабақшасының" ашылу тарихы
Балаларға арналған мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін бұл мекеме Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты "Дархан" ықшам ауданында Х.Алтай көшесі 20\2 мекен-жайында 2010 жылы бой көтеріп, бүлдіршіндерге құшағын айқара ашты. Балабақша 320 орындық, қазіргі заман талабына сай материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықталған. Балабақшада қазіргі таңда 16 топ жұмыс жасайды. Сонымен қатар музыка залы, спорт зал, су хауызы, психология бөлмесі, егу бөлмесі, балаларды оқшаулау бөлмелері қызмет жасауда.
